×

Павел Дуровтың Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Бұл ақпаратты АХҚО растады

Павел Дуровтың Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды
Фото: Instagram/durov

«Астана» халықаралық қаржы орталығы лицензиясы бар платформаларда сауда жасау үшін Павел Дуровтың криптовалютасын мақұлдады. Бұл ақпаратты АХҚО растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Toncoin цифрлық активін лицензиясы бар платформаларда сауда жасауға мақұлдаған.

«АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті AFSA лицензиясы бар платформаларда сауда жасау үшін Toncoin-ді қарап, мақұлдады. AFSA кешенді тексеріс нәтижелері бойынша шешім қабылдады, оның барысында Toncoin AFSA белгілеген нормативтік стандарттарға сәйкес келетіні анықталды», – делінген хабарламада.

Демек енді инвесторлар AFSA лицензияланған платформаларында Toncoin-мен сауда жасай алады. Toncoin-ді АХҚО-ның реттелетін ортасына қосу қауіпсіз және ашық сауда жолдарын іздейтін институционалды және бөлшек инвесторлардың жаңа толқынын тартады деп күтілуде.

Айта кетейік, Toncoin – Telegram Open Network (TON) блокчейніндегі цифрлық актив. Блокчейнді Павел Дуров негізін қалаған Telegram командасы әзірлеген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев IT маманы Павел Дуровпен болашақта перспективалы жобаларды іске асыру жоспарда бар екенін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Динара Закиева бойдақ ер адамдардың бала асырап алуы туралы шешімге қарсы шықты
Бүгін, 09:35

Динара Закиева бойдақ ер адамдардың бала асырап алуы туралы шешімге қарсы шықты

Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық тетіктерін қарастыру қажет деп санайды
Мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген
Оңтүстік Корея елінде жұмыс істейтін жастар азайған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →