×

Науқастарға тегін берілетін дәрілердің тізімі едәуір қысқарады

Тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі қысқарады

Науқастарға тегін берілетін дәрілердің тізімі едәуір қысқарады
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда пациенттерге тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі едәуір қысқарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасына сәйкес тізімнен аурудың 32 түрін емдеуге арналған 38 препарат алынып тасталады.

"Тегін" тізімінен алынып қалатын дәрі-дәрмек ішінде аурулардың келесі түрлерін емдеуге арналған препараттар бар:

  • асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы;
  • ауруханадан тыс пневмония;
  • гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы;
  • бас сүйек нервтерінің зақымдануы;
  • жедел/созылмалы синусит;
  • жедел/созылмалы кератит;
  • эритема көп формалы;
  • сүт безінің қатерсіз дисплазиясы;
  • эндометриоз;
  • несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары;
  • гастрит және дуоденит;
  • созылмалы панкреотит;
  • холецистит;
  • өт тас ауруы;
  • мигрень. 

Денсаулық сақтау министрлігі бұл аурулар өлім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейді деп мәлімдейді.

Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Өте қарапайым». Экс-министр сыныптастарымен ауылдағы 40 жылдық кешке қатысты
02.06.2025ж. 01:01

«Өте қарапайым». Экс-министр сыныптастарымен ауылдағы 40 жылдық кешке қатысты

Ол Батыс Қазақстан облысы Жанақала ауданы Көпжасар ауылында дуниеге келген.
Алагөзов сыйлаған пәтерлер Алматы Арена маңындағы су жаңа үйлерден берілгені видеода анық көрінеді.
Бірнеше ауданда жаңа спорттық инфрақұрылымдардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →