×

Түркістан облыстық балалар ауруханасында жыл сайын 18 мыңнан астам науқас емделеді

Емхана құрамында барлық бейіндер бойынша мамандардың консультациясын алуға болады

Түркістан облыстық балалар ауруханасында жыл сайын 18 мыңнан астам науқас емделеді
Фото: ашық дереккөзден

Көп профильді облыстық балалар ауруханасы республика бойынша ірі ауруханалардың бірі әрі бірегейі. 895 000-нан астам балаға қызмет көрсетуге қауқарлы ауруханада науқастарға шұғыл және жоспарлы түрде медициналық қызметтер ұсынылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ауруханада педиатрия және балалар хирургиясы бойынша мамандандырылған стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің барлық бейіндері қамтылған. Сондай-ақ, кардиохирургия бағыты бойынша жоғары мамандандырылған қызметтер көрсетіледі. Бүгінде ауруханада балалар кардиохирургиясы, ангиохирургиясы, неонатальды хирургия, нейрохирургия, жарақат және ортопедия, офтальмология қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар, 50 төсек стационаралмастырушы төсек орындар және күніне 240 келіп-кетушілерге арналған консультативтік-диагностикалық емханасы бар. Жыл сайын  ауруханада 18 мыңнан астам бала емделеді. Емхана құрамында барлық бейіндер бойынша мамандардың консультациясын алуға болады. Одан бөлек, сурдологиялық орталықта аудиограмма арқылы балалардың есту қабілетін анықтауға болады. 

Сонымен қатар, ауруханадағы телемедицина орталығы Ұлттық Ғылыми орталықтарымен телемедициналық кеңес пен бейнеконференциялық байланыс жүргізуде. Былтыр аудандық ауруханалармен 1237 телеконсилиум ұйымдастырылған. Оның 263-ы республикалық және Ұлттық орталықтармен байланысқа шыққан. Ал, Облыстық балалар ауруханасының санитарлық желісімен атқарылған қызметі 953 рет аудандық ауруханаларға шыққан. Оған 1270 маман қатысып, 512 науқасқа кенес берілген. Сондай-ақ, 109 науқасқа сол жерде ота жасалынып, 402 бала облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →