×

Түркістанда озық технологиялардың көмегімен бүйрек алмастыру оталары жүргізілуде

Қазіргі таңда донордан бүйрек алу лапароскопиялық әдіспен жүргізілуде

Түркістанда озық технологиялардың көмегімен бүйрек алмастыру оталары жүргізілуде

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 2023-2024 жылдары туысқан донордан 14 бүйрек трансплантациясы жасалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде Түркістан облысында озық технологиялардың көмегімен жүрек, бүйрек алмастыру оталары сәтті жүзеге асырылып жатыр. Одан бөлек, ағза ауыстыруды қажет ететін науқастарды одан әрі іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте Түркістан облыстық клиникалық ауруханасындағы гепатопанкреатобилиарлы хирургия және ағзаларды трансплантациялау бөлімшесіндегі оталар «А.Н.Сызғанов  атындағы Ұлттық Ғылыми Хирургиялық Орталығының» жетекші мамандарымен бірге тығыз жұмыс істейді. Сонымен қатар, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында донорлық бүйрек трансплантациясы бойынша мастер-класстар өтіп тұрады. Мастер-классқа облыстық клиникалық аурухана хирургтарынан бөлек аудандық ауруханалардың басшылары мен хирургтары да қатысып тұрады.

Қазіргі таңда донордан бүйрек алу лапароскопиялық әдіспен жүргізілуде. Бұл әдістің артықшылығы-тез қалпына келтіру (3-4 күн ішінде) және жара жұқтыру қауіпінің төмендігі болып табылады. Операцияның орташа ұзақтығы шамамен бір сағатты құрайды. Алдымен алынған бүйрек пен донор дайындалады, содан кейін реципиентке трансплантация жасалады. Операциядан кейін науқастың өмір сапасы жақсарады, яғни емін-еркін сау адам ретінде өмір сүре алады.

Бүйрек трансплантациясы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттер үшін алмастырушы бүйрек  терапиясының оңтайлы әдісі саналады. Алайда барлық елдерде кездесетін донорлық органдардың тапшылығына байланысты емдеудің мұндай әдісін қолдану мүмкіндігі едәуір шектелген. Әйтсе де, тірі донордан бүйрек алмастыру – бұл мәселені жеңудің анағұрлым дұрыс жолы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →