×

Түркістан облысындағы перинаталдық орталықта өткізілген отада нәрсетенің туа біткен жүрек ақауы анықталған

Бүгінде нәрестеге «жансақтау» бөлімінде күтім жасалып жатыр

Түркістан облысындағы перинаталдық орталықта өткізілген отада нәрсетенің туа біткен жүрек ақауы анықталған
Фото: freepik.com

Түркістан облысындағы №1 Облыстық перинаталдық орталығында алғаш рет жаңа туған нәрестенің жүрегіне ота жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сәбидің отаға дейінгі жағдайы экстремалды салмақта туылуына байланысты ауыр болды. Нәресте жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда 730 грамм, 24 апталық экстремалды салмақпен шала болып келді. Біздің орталықта шала туылған нәрестелерге салмағына қарамай, шұғыл хирургиялық көрсеткіштер болған жағдайда кез келген ота жасалына береді. Жүрекке ота алғаш рет жасалғанымен, қиындықтар болған жоқ. Дәрігерлер нәрсетенің дамуы барысында туа біткен жүрек ақауын анықтап, ота жасату үшін дайындыққа кіріскен. Осы ретте Республикалық медициналық авиация желісі арқылы Астана қаласының Ұлттық Ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлерімен байланыс орнатылды», - деді Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиева.

Бүгінде нәрестеге «жансақтау» бөлімінде күтім жасалып жатыр. Жағдайы бірқалыпты, салмағы – 1700 грамм.

«Жалпы ота 9 маусым күні Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың жоғары санатты дәрігері, кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Нуркеев Бақытжан, Кардиореанимация бөлімінің меңгерушісі А.Кабаканова, УДЗ дәрігері А.Ахмолдаеваның қатысуымен сәтті өтті. Отадан соң, Астаналық кардиохирург және кардио-реаниматолог дәрігерлер тарапынан облыстың перинаталдық орталығының неонатолог дәрігерлерінің жұмысына жоғары баға берілді», - деді Салтанат Жабағиева.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін №1 Облыстық перинаталдық орталығында өміріне қауіп төнген сәбидің жүрегіне ота жасалғандығын хабарлаған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады
Кеше, 12:06

3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады

"Золотая корона" – бұл шот ашпай-ақ жылдам ақша аудару қызметі
Заманауи емдеу орындарының ашылуы халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады
Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылды жерде тұрады
Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында жалпы 24681 медицина мамандары қызмет атқарады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →