×

Жетісулық жастар жаңа форматта тазалық шарасын өткізді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылды

Жетісулық жастар жаңа форматта тазалық шарасын өткізді

Бүгін Жетісу облысы жастарының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Игі істер» марафоны аясында «Жинаquest» атты экологиялық квест ойыны өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шараға белсенді жастар, эковолонтерлер, қала тұрғындары мен қонақтарынан жасақталған командалар қатысты. Жаңашыл форматтағы шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдерге қоршаған ортаның, табиғаттың тазалығы қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, өз үлестерін қосуға ықпалдасу. Тазалыққа бағытталған ойын Талдықорған қаласының аумағында 5 локация бойынша өтті. Қатысушылар белгіленген аумақты қоқыстан тазалаумен қатар, шапшаңдық пен ұтқырлықтан да бәсекеге түсті. Сонымен қатар, ойын барысында танымдық сұрақтарға жауап беріп түрлі кедергілерден өтті. Викториналық сұрақтар Жетісу өңірінің тарихы, табиғи маңызды орындары мен киелі жерлері туралы қойылды.

«Жетісу жастары» КММ директоры, облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Ақболатов: «Тазалық шараларын үйреншікті сенбілік сияқты емес, жаңа форматта өткізу жастардың қызығушылығын арттырып, оларды табиғатты қорғауға жұмыла кірісуге үндейтіні анық. Осы арқылы жаңа буын өкідері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыра алатынымызға сенімдімін», – деп пікірін білдірді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 160 мыңнан адам атсалысты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 1183 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 6337 тонна қоқыс шығарылып, 2226 км арық желісі тазаланды. Сонымен қатар, 25 826 м2 автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағында акция кезінде 29 514 түп көшет отырғызылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →