×

Ауғанстан қазақтары туралы кітап жарыққа шықты

Құнды кітаптың тұсаукесері өтті

Ауғанстан қазақтары туралы кітап жарыққа шықты

Бүгін Алматы қаласында тарих ғылымдарының кандидаты, PHD доктор, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары, шығыстанушы, тарихшы және парсы тілінің маманы, Жомарт Жеңісұлының «Әмудария қазақтары / тарихи-этнографиялық зерттеу» атты кітабының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған шараға Тарих ғылымдарының кандидаты Жанымхан Ошан, Абай ғылыми зерттеу институтының директоры Жабал Шойынбет, «Қазақстан мен Орталық Азия тарихын зерттеу институтының» Бас директоры Нұрат Ілияс зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кітапта автордың 2023-2024 жылдары Ауғанстанға жасаған ғылыми экспедициясының қортындылары, осы елді мекендейтін қазақтардың тарихы, мәдениеті, шаруашылығы мен қазіргі ахуалы туралы екендігін атап көрсетті.

Кітапта Qaz365.kz сайтымыздың ауған қазақтарының атамекеніне орала алмауы және көптеген проблемалық мәселелері жөнін­де жан-жақты журналистік зерттеу жұмыстары да басылған. 

«Ең­бек атажұрттан тысқары жақта өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының тарихымен шұғылданатындарға, ұлт тарихына қызы­ғушылық танытатындарға арналған», – дейді Жомарт Жеңісұлы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды
Кеше, 16:19

Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды

Бағдарлама төрт негізгі бағыт бойынша іске асырылады
Түрлі этнос өкілдері өзара қазақтың «көрісу» дәстүрімен құшақ айқастырып, бір-біріне ақ тілектерін айтты
Қатысушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады
Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →