×

Сусамырдан сақтану жолдары - дәрігер кеңесі

Бұл аурумен жастар да, орта жастағылар да, кәрілер де ауырады

Сусамырдан сақтану жолдары - дәрігер кеңесі
Қазығұрт аудандық ауруханасы

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық ауруханасында өткен Ашық есік күнінде «Диабеттің (сусамыр) пайда болу себебі және алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы орайда емханаға қаралуға келген науқастарға эндокринолог дәрігер З.Исмайл диабеттің пайда болу себебі мен алдын алу жөнінде мәліметтерді айтты. 

Дәрігердің сөзінше, диабеттің дамуына артық салмақ және семіздік, эндокриндік бездердің аурулары, өткен вирустық инфекциялар, жиі күйзеліске шалдығу, дәрі-дәрмектерді жиі қабылдау және аз қозғалысты өмір салты әсер етеді. Сонымен қатар, ертерек дұрыс диагноз қойылса, ауруды жеңу оңайырақ болады.

"Әдетте, бірқатар тексерулерден өту керек болады, оның ішінде қант құрамына зәр анализін тапсыру, глюкоза концентрациясына арналған арнайы қан тесттерінен өту бар. Одан бөлек, инсулинге тәуелді қант диабеті кезінде қандағы глюкоза деңгейін үнемі бақылау қажет болады. Арнайы тесттер мен глюкометрлер мұны үйде еш қиындықсыз жасауға мүмкіндік береді. Бірінші типті диабет кезінде үнемі инсулинді инъекциялар енгізуге тура келеді”, – дейді З.Исмайл.

Сонымен қатар, диабеттің бұл типі диета, қандағы қантты төмендететін дәрілер, сондай-ақ физикалық белсенділік арқылы түзетіледі. 

"Жалпы, бұл аурумен жастар да, орта жастағылар да, кәрілер де ауырады. Әсіресе, жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуынан пайда болады”, – деді эндокринолог дәрігер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде жалған дипломмен жұмыс істеп келген директорлар жұмыстан қуылды
Бүгін, 11:07

Ақтөбеде жалған дипломмен жұмыс істеп келген директорлар жұмыстан қуылды

Олардың бірі өзіне директорлар кеңесінің келісімінсіз демеушілік қаражат есебінен 40 млн 400 мың теңге аударып алған
Акцияға  «Жасыл ел» жастар жасақтары, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындар атсалысты  
Мемлекеттік жәрдемақыларға 1,5 трлн теңге қаражат бөлінген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →