×

Балаларда соңғы уақытта қандай аурулар кездеседі?

Емдеу курсы 21 күнге жалғасады

Балаларда соңғы уақытта қандай аурулар кездеседі?
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығында әр бала толықтай медициналық тексерістен өткізіліп, арнайы ем шараларын қабылдайды. Емдеу курсы 21 күнге жалғасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі таңда орталықта жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларға арналған 40 күндізгі бөлім, алыс аймақтан келген балалар үшін 10 тәуліктік бөлімдер жұмыс жасайды.

«Балалардың ой өрісі мен сөйлеуінің тежелуі қазіргі кезде өте көп орын алып жатқан мәселе. Кей балаларда жеңіл түрі болса, кейбірінде ауыр деңгейде кездесіп жатады. Сонымен қатар қазіргі таңда балаларда аутизм ауруы жиі кездеседі. Қазіргі дамыған заманның түрлі гаджеттерді балалардың қолдануы ауру тудырушы негізгі себептерге жатады. Өкінше орай, қазіргі таңда ана мен баланың байланысы нашар. Аналар сәбиінің жағдайын жасап, үйде отырмайды. Үйде отырса да  баланың қолына телефон көп ұстатады. Біз бұл жағдайдың алдын алу үшін ата аналарға түсіндіру жұмыстарын жасаймыз, ескертіп отырамыз. Аутизмның себеп болуына әсер ететін келесі мәселе ата ананың салауатты өмір салтын ұстанбауы», – дейді орталықтың бөлім меңгерушісі, дәрігер невролог Лалахан Сайфуллаева.

Балаларда кездесетін сал ауруының сәбидің құрсақта дамуы кезінде, туу кезінде және туған сәтте байқалатын үш кезеңнен тұрады. Бала іште жатқанда ана жиі стресске түсіп, зиянды әдеттері болса және дұрыс тамақтанбаса, физикалық және психологиялық зақым алатын болса баланың миында ақау болады. Келесі туу кезеңінде бала зақым алуы сал ауруына себепші фактор болып саналады. Кей жағдайларда бала аман есен өмірге келеді. Бір жасқа дейін анасының қолынан түсіп кетіп, бесіктен құлап, зақым алатын болса баланың миына қан құйылу арқылы сал ауруына шалдығады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Цензура? Астанада журналиске Үкіметке кіруге тыйым салынды
06.09.2024ж. 19:18

Цензура? Астанада журналиске Үкіметке кіруге тыйым салынды

Қазіргі уақытта Жәния Уранқаеваның үкімет ғимаратына кіруге рұқсаты жоқ
Алматы қаласында танысқан жұбайы балаларын тәрбиелеуге белсене атсалысуда
Розыбакиев көшесіндегі 1500 орындық екінші мектеп 2024 жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →