×

Қазақстандықтардың МӘМС-ке төлеген ақшасы қайда сақталады

2017 жылдан бері жинақталған МӘМС активтерінің қалдығы 933 млрд теңге болды

Қазақстандықтардың МӘМС-ке төлеген ақшасы қайда сақталады
Фото: ашық дереккөзден

Барлық жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің арнайы шотына түседі, ал сол жерден халыққа көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін медициналық ұйымдарға жіберіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2017 жылдан бері жинақталған МӘМС активтерінің қалдығы 933 млрд теңге болды.

2024 жылдың төрт айында Қорға 441 млрд теңге МӘМС жарналары мен аударымдар түсті, оның ішінде 42 млрд теңге сомасына инвестициялық табыс алынды. Бұл ретте медициналық көмекке ақы төлеуге жұмсалған шығыстар 354 млрд теңгені құрады. Осылайша, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қор активтерінің қалдығы – 1020 млрд теңге.

Ұлттық Банк МӘМС активтерінің бұл қаражатын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді депозиттеріне (медициналық көмектің ағымдағы төлеміне жіберіледі) – 171 млрд теңге, орта және ұзақ мерзімді облигацияларға – 108 млрд теңге және мемлекеттік бағалы қағаздарға 741 млрд теңге сомасында орналастырды.

2023 жылы алынған инвестициялық табыс 113 млрд теңгені құрады, яғни МӘМС пакетінің бюджетіне қосымша 113 млрд теңге түсті. Айта кету керек, 2022 жылмен салыстырғанда инвестициялық кіріс 1,6 есе өсті. Бұл қаражат МӘМС-тің қалған активтерімен бірге 2024 жылдың басында медициналық ұйымдармен 2024 жылға жасалған шарттар бойынша 30% мөлшерінде аванс төлеуге бағытталды.

МӘМС қаражатын тиімді сақтаудың бұл тетігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бекіту кезінде қаланды және жүйенің активтерін, оның ішінде жыл сайын көрсетілетін медициналық қызметтердің санын ұлғайтуға және қазақстандықтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Бүгін, 10:10

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →