×

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды

Мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды

Түркістан облысында бірінші рет мәйіттік донорға ота жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жол апатынан кейін мед мекемеге ауыр халде жеткізіліп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді. Дәрігерлердің сөзінше, ағзаны алуға арнайы жасақталған екі бригада Алматы мен Астана қаласынан ұшып келген. Мәйіттен алынған бауыр, екі бүйрек пен жүрек, өкпе тізім бойынша трансплантация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынады. Айта кетейік, мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген. 

«Түркістан облысы бойынша мәйіттен ағза алу отасы тарихта алғаш рет өтуде. Бір бүйрек облыстық клинкиалық аруханада қалады. Жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жіберіледі. Бауыры Алматыға, өкпесі мен бір бүйрегі Астана қаласына жіберіледі», – деді Республикалық транспланттау орталығының Түркістан облысы бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі
Бүгін, 14:33

Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі

Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →