×

Алаяққа алданған Түркістан облысы тұрғыны 20 млн теңгесінен айырылды

Күдікті 9 ай уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүрген

 

Алаяққа алданған Түркістан облысы тұрғыны 20 млн теңгесінен айырылды
Tumba.kz

Түркістан облысының полицейлері үш бөлмелі үй алып беремін деп тұрғынның 20 миллион теңгесін қалтасына басқан әйелді анықтады,  деп хабарлайды  qaz365.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, танысы жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден үш бөлмелі пәтер алып беремін деп 20 млн теңге ақшасын алып, қайтармай қойған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Бұл жайтқа қатысы бар күдікті жергілікті тұрғын әйел болып шықты”, – дейді жергілікті Ішкі істер басқармасы.

Тексеру кезінде күдікті 9 ай өтсе де берген уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүргені анықталды. Ол жәбірленушіден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →