×

Көз дәрігері: Адамдар ауырғанда емес, асқындырып алғанда келеді

Дәрігер ұсыныстары

Көз дәрігері: Адамдар ауырғанда емес, асқындырып алғанда келеді
Фото: pixabay.com

Белгілі офтальмолог-дәрігер Думан Алдажанов Qaz365.kz тілшісіне сұхбат беріп, көз ауруларына байланысты сұрақтарына жауап берді.

– «Құрғақ көз» синдромы дегенді естідік. Ол қаншалықты қауіпті? Көз қалай құрғап кетеді сонда?

– Бізге сондай-ақ көзімнен жас тоқтамайды немесе керісінше көзінің құрғап кеткенін айтып шағымданатындар көп. Жалпы, негізі көзден жас шығу, жылау деген – қалыпты құбылыс әрі көздің сау екенін көрсететін бірден-бір дәлел. Түсінікті болу үшін жылау деген процестің өзін аздап талдай  кетейін, эмоцияның мұрын арқылы жүзеге асып, көзден ағып кететін түрін біз жылау дейміз. Жас келе сол көз бен мұрын арасындағы каналдар тарылып не түрлі ауруларға байланысты бітеліп қалады. Соның кесірінен мұрынға жиналған су көзден жас боп түспейді де, жиналып қала береді. Қазақта сөз бар ғой, «ақпай тұрған көл сасиды» деген. Дәл сол сияқты жиналған жастың өзі айналасына түрлі инфекция жинайды. Бұл жерде біз көздің жасын қалпына келтіретін тамшылар береміз, болмаса жаттығулар жасатамыз, оған да жазылмаса, онда мұрыннан қосымша канал ашып, яғни, мұрын қуысын тесетін арнайы операция жасаймыз.

– Түркістандықтар көздеріне қаншалықта мән береді? Ауырса, дереу жүгіне ме? Ұсынған дәрілерді қолдана ма?

– Бізде жағдай былай: адамдар қабылдауға көзі ауыра сала келмейді, біраз асқындырып, алдымен өз беттерінше ем қолданып барып, оған бой бермесе ғана келіп жатады көбіне, өкінішке орай. Біз оларға мейлінше көбірек препараттар жазып береміз. Бірақ науқастар не істейді? Он дәрі жазсаң, соның ішінен теріп-теріп, ең арзан дегендерін алып, сонымен шектеледі. Жарайды, бұл – ақшаға келіп тірелетін жағы. Ал екінші жағы да бар, «мынаның бәрінің не керегі бар?» деп өз бетінше шешім шығарып, қалаған дәрісін ала салады. Бірақ ол өзі маман болмағандықтан, керісінше керек емес дәріні алып, керегін алмай қоюы мүмкін ғой. Сондықтан қазір мен адамдарға бір-екі ғана дәрі жазатын болдым. Өйткені олардың бәрібір көп дәріні алмайтынына, алса да соңына дейін қолданбайтынына көзім жетті. Бұдан шығатын тағы бір нәрсе – салғырттық. Адамдар тек ауруы қозған кезде сол ауырсынуды басу үшін ғана дәрі-дәрмек қолданып, кейін оны тастап кетеді. Ниетінің өзі – емделіп, жазылу емес. Бірақ, қайтадан сол ауруы бас көтерсе, кім кінәлі, дәрігерлер біз кінәлі боп шыға келеміз.

– Әңгімеңізге рахмет, көп пайдалы мәлімет бердіңіз!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →