×

Жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдықпас үшін не істеу керек?

Қазақстанда 2013 жылдан бері жатыр мойны ісігінен 4 359 әйел қайтыс болған

Жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдықпас үшін не істеу керек?

Түркістан облысына қарасты Шардара аудандық орталық ауруханасында Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау және алдын алу жөнінде семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы орайда Шардара аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері  Ж.Әбішева жатыр мойны қатерлі ісігі әлем бойынша әйелдер арасында жиі кездесетін онкология аурулары ішінде төртінші орында тұрғанын тілге тиек етті. Жалпы 2020 жылы дүниежүзінде шамамен 604 мың науқастың жатыр мойны қатерлі ісігі болса, оның 342 мыңы ауру салдарынан қайтыс болған. Ал Қазақстанда 2013 жылдан бері жатыр мойны ісігінен 4 359 әйел қайтыс болған.

«Қазақстанда 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина егу қолға алу жоспарланып отыр.  Вакцинаны ата-ананың жазбаша келісімімен 2024 жылдың күзінінен бастап мектептерді толығымен тегін алуға болады. Жоғары онкогенді қауіпті адам папиллома вирусы - жатыр мойны обырының дамуының негізгі этиологиялық факторы. Жатыр мойны обырының 97%-ы осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус тасымалдау белгілі бір жағдайда жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін. Бүгінде жатыр мойны обыры – дамушы елдердегі әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктің бірі. Жатыр мойны қатерлі ісігі еш симптомсыз өтуі немесе жыныс жолдарынан кез келген қалыпты емес бөлініс, іштің төменгі бөлігіндегі және бел аймағындағы ауырсыну болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, вакцинаның қорғау мерзімі ұзаққа созылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, екпенің иммуногенділігі вакцина енгізілгеннен кейін 10 жыл ішінде төмендемеген. Дамыған елдердегі табысты скринингтік бағдарламалар жатыр мойны обырынан болатын сырқаттанушылық пен өлімді екі есеге азайтқан», - дейді дәрігер.

Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. Екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізіледі. 

Айта кету керек, АПВ вакцинасын әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары сияқты көршілес елдерде егіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →