×

Трансплантация тақырыбындағы семинарлар жалғасын тапты

Ауыр науқастарды емдеу әдісі ретінде ағзаны ауыстыру – үлкен әлеуметтік маңызға ие

Трансплантация тақырыбындағы семинарлар жалғасын тапты

Түркістан облысындағы Мақтаарал аудандық ауруханасында тұрғындарға, жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметкерлеріне трансплантация тақырыбында арнайы семинар өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
   
Атакент ауруханасының білікті дәрігері Ғалымжан Кокишов тақырыпты кеңінен түсіндіріп берді.  
Оның айтуынша, ағзаларды трансплантациялау операциясы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бойынша  ең көп сұранысқа ие. 

«Органдарды трансплантациялау біздің елімізде медициналық көмектің жаппай түріне айналған жоқ,  өйткені, өкінішке қарай, қазіргі заманғы трансплантология үшін басты себеп - біздің елде  донорлық органдардың жетіспеушілігі. Егер туыстары донор бола алмаса немесе сәйкес үйлесімділік болмаса, онда адамның одан әрі өмір сүруіне  қайтыс болған донордан трансплантация жасау мүмкіндігі бар», - дейді дәрігер.

Айта кетейік, Қазақстанда адамның тірі кезінде ерік білдіру рәсімі Кодекстің 212-бабының 2-тармағында, Денсаулық сақтау министрлігінің «Адамның тірі кезінде ерік білдіруін ағзаларды (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) қайтыс болғаннан кейін донорлыққа беру және бұл туралы жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

Органдарды трансплантациялау – кез-келген адамға, тіпті балаға да қажет болуы мүмкін. Аяқтан тиетін жалпы суық жүрек немесе бүйрек трансплантациясының қажеттілігіне әкелуі мүмкін. Ауыр науқастарды емдеу әдісі ретінде ағзаны ауыстыру – үлкен әлеуметтік маңызға ие, өйткені бұл өлімнен құтқаруға және өмірді ұзартуға ғана емес, сонымен қатар оның жоғары сапалы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Адамды өлімнен  құтқару үшін қолданылатын мәйіттік донорлықты енгізу – өмірдің басқа денеде жалғасатынын біліп жасалатын маңызды шешім, - деп түсіндірді дәрігер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Бүгін, 10:10

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →