Биыл бірінші наурыздан бастап қазақстандықтар біріңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын
Астанада бұрынғы бірыңғай уақыт белдеуіне оралу туралы петицияға байланысты тыңдау өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың айтуынша, министрлік бұрынғы уақыт белдеуінін қайтаруды талап еткен петицияны қараған.
«Өтініш берушінің уақыт белдеуінің ауысуы денсаулық жағдайына әсер етті, электр энергиясын қолдануды арттырды деген уәждеріне дәлел таппадық. Соныдқтан мен қазір сауда және интеграция министрлігінің алдын-ала шешімін хабарлаймын. Петицияны қанағаттандырудагн бас тартылады», – деді Қайрат Балықбаев.
Айта кетейік, биыл бірінші наурыздан бастап қазақстандықтар біріңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын. Бірақ наразы азаматтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп петиция жариялады. Оған қол қойғандар саны шекті санын жетіп, қоғамдық талқылауға шығарылды.