×

Елдос Сметовке бес бөлмелі пәтер мен Lexus 600 табысталды

Дзюдошының жеке бапкеріне де сый тарту етілді

Елдос Сметовке бес бөлмелі пәтер мен Lexus 600 табысталды
Фото: Qaz365.kz

Париж Олимпиадасының чемпионы жерлестері Елдос Сметовті туған өңірі – Жамбыл облысында сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олимпиада чемпионына Тараздан бес бөлмелі пәтер мен Lexus 600 табысталды. Ал оның бапкері жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке Хиундай Сантафэ көлігі мен екі бөлмелі пәтер табысталды. Чемпионға көліктің есігін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ашты.

Фото: Qaz365.kz
Дзюдодан Париж Олимпиадасында атой салған Елдос Сметовтің Тараздағы үйі орналасқан көшенің асфальті жаңарған болатын. Бұл туралы әлеуметтік желіге жергілікті журналист Дастан Исламбек жазған. 

Фото: Qaz365.kz
Жақында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсеткен. Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстаған.


Фото: Qaz365.kz

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Атом энергетикасы еліміздің тұрақты болашағының бір бөлігі»: Жетісу университетінде дөңгелек үстел өтті
Кеше, 19:16

«Атом энергетикасы еліміздің тұрақты болашағының бір бөлігі»: Жетісу университетінде дөңгелек үстел өтті

Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді
Өткен жылдан бастап, кітапхана басшылығы балалар мен жасөспірімдерге арнаған «Интеллектум» мега жобасын қолға алды
Министр Тұран жолбарысы бұрын Қазақстанда өмір сүргенін еске салды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →