×

«Елдос, асфальт құтты болсын»: чемпионға айтылған құттықтау жұртты ду күлдірді

Елдос Сметовты жерлестері үлкен қошеметпен күтіп алды

«Елдос, асфальт құтты болсын»: чемпионға айтылған құттықтау жұртты ду күлдірді
Фото: Алматы әкімдігі

Туған өңірі Жамбыл облысының орталығы Таразға барған чемпион Елдос Сметовты жерлестері үлкен қошеметпен күтіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар чемпионды ортаға алып, тілегін айтып, бірге фотосуретке түсуге асықты. Балалары Елдостың алдынан шығып, әкесінің мойнына асылған. Жұртшылық арасында тұрған оны «Тигр, Елдос асфальт құтты болсын» деп, чемпионды ерекше құттықтау жұртты ду күлдірді.

Дзюдодан Париж Олимпиадасында атой салған Елдос Сметовтің Тараздағы үйі орналасқан көшенің асфальті жаңарған болатын. Бұл туралы әлеуметтік желіге жергілікті журналист Дастан Исламбек жазған. Алайда оның бұл постына байланысты жағымсыз пікірлер жазылып жатыр.

Жақында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсеткен. Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстаған.

Ал жаңадан жайылған асфальтқа байланысты жағымды пікірмен қатар, сын айтқандар көп.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр
Кеше, 18:06

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →