×

Парижде Алматының спорт басқармасы басшысының жүрегі тоқтап қалды

Ол Алматы спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді

Парижде Алматының спорт басқармасы басшысының жүрегі тоқтап қалды
Фото: Алматы қаласы спорт басқармасының баспасөз қызметі

Париж Олимпиадасында Алматының спорттық делегациясын бастап барған Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын-ала мәлімет бойынша спорт шенеунігінің жүрегі тоқтаған. Басқа ақпарат жоқ. 

Ерден Хайруллин 2009 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы  бойынша  тәмамдаған  және Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Алматы спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Бүгін, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →