×

Демеу Жадыраев анасымен бірге Жетісу облысының әкімі сыйлаған жаңа үйге барды

Жадыраевтар отбасы жаңа үйге көшуді бастады

Демеу Жадыраев анасымен бірге Жетісу облысының әкімі сыйлаған жаңа үйге барды
Фото: gov.kz

Парижде өткен жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен анасы Күлипа Бижанова Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев сыйға тартқан Жаркент қаласындағы жаңа үйге барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Облыс әкімі Күлипа Бижановаға Қазақстанның мақтанышына айналған батыр ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс айтып, тұрғын үй кілтін салтанатты түрде тапсырған болатын. Жаңа үй заманауи жиһаздармен, тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Бұл өз кезегінде Күлипа Бижанованың қолайлы жағдайда өмір сүруіне үлкен септігін тигізеді», – делінген Жетісу облысы әкімдігінің хабарламасында.

Демеу Жадыраев бұл үйдің анасына жылы ұя, жайлы мекен, ал өзі үшін қуана-қуана келетін сүйікті шаңырағы болатынын атап өтті.

«Алып анадан туады», халқына лайықты перзент бола білген осындай ер азаматты тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін ең алдымен, Демеудің анасы, Сізге алғысымызды білдіреміз. Құрметтің үлкені, сыйдың төресі ең бірінші анаға жасалуы керек», – деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Жадыраевтар отбасы Демеудің спорттағы қажырлы жолының және алдағы жетістіктерінің белгісіндей болған жаңа үйге көшуді бастады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Бүгін, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →