×

Түркістан облысында профилактикалық бақылау жүргізу мәселесі талқыланды

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша талқылау жүргізілді

Түркістан облысында профилактикалық бақылау жүргізу мәселесі талқыланды

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасы бұйрығының Жобасы талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ондағы негізгі мәселе бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік және консультациялық көмек шеңберінде әзірленген және бекітілген «хабарламалар мен рұқсаттар мониторингі түрінде субъектіге(объектіге) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасы бұйрығын басшылыққа алу жайы қозғалды. 

Аталған мәселе жөнінде Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен өткен жиында департамент басшысының орынбасары Асқар Искаков сөз сөйледі. 

Аумақтық департамент басшысының орынбасары өз баяндамасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша нормативтік базалар, хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі түрінде субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Алгоритм жөнінде кеңінен тоқталды. 

Жиын барысында баяндамашыға сала бойынша сұрақтар қойылып, департамент басшысы тарапынан осы әдістемелік ұсыным бұйрығына тексеру беру заңғдылығына ұсынымдар беру, көрсеткіші кенжелеген салалар бойынша жұмысты жандандыру бағытында тапсырмалар жүктелді. 

Түркістан облысының бас мемлекеттік-санитариялық дәрігері Нұрбек Садықбекұлының төрағалығымен өткен жиынға департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары және аумақтық басқарма басшылары Zoom платформасы арқылы онлайн режимде қатысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →