×

Түркістан халқы денсаулық, жұмыс және білім саласына қатысты мәселе көтерді

Тұрғындар негізінен денсаулық, жұмысқа орналасу, білім саласына қатысты мәселелерді көтерді

Түркістан халқы денсаулық, жұмыс және білім саласына қатысты мәселе көтерді

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасы бұйрығының Жобасы талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты өткізіліп келеді. Онда көтерілген кез келген мәселе назарға алынып, бірі сол мезетте шешімін тапса, бірінің оңтайлы шешілуі уақыт талап етеді. 

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өңір тұрғындарын кезекті рет қабылдады. Жеке қабылдауға тиісті басқарма басшылары мен жауапты мамандары қатысты. 

Тұрғындар негізінен денсаулық, жұмысқа орналасу, білім саласына қатысты мәселелерді көтерді. Бірі оңалту орталығын ашуға құжаттарды дайындау барысын білгісі келсе, енді бірі мектеп формасын алу мәселесін айтты. 

Сонымен қатар «Жаңа қала» шағын ауданында балабақша ашу туралы ұсыныс берілді. Бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысынан, жұмысқа қайта орналасу, оқу грантына қатысты түйткілдер де айтылды. 

Тұрғындардың бірі денсаулық жағдайына байланысты мүгедектік тобын қайта тағайындауды сұраса, жауапты басқарма ай, тоқсан сайын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған үйлестіру кеңесін өткізіп отырса деген тілегін жеткізді. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдауды күшейту, инклюзивті орталық ашу жөнінде де өтініштер тыңдалды. Жұмыстан себепсіз шығып қалған мұғалім соттың шешімімен келіспейтінін жеткізсе, тағы бір тұрғын мүгедектігіне қолдау шараларын жүргізуді және тұрғын үй салуға жер учаскесін сұрады. 

Ашық форматта өткен қабылдауға Шымкент, Түркістан және Кентау қаласынан, Сауран, Ордабасы, Қазығұрт. Сарыағаш, Түлкібас, Бәйдібек аудандарынан 16 азамат келді. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар өтініштер бақылауға алынатынын жеткізді. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →