×

Түркістан облысындағы дәрігердің орташа айлық жалақысы – 563 мың теңге

Басшы өңірдің биылғы 7 айдағы медико-демографиялық көрсеткіштеріне тоқталды

Түркістан облысындағы дәрігердің орташа айлық жалақысы – 563 мың теңге
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев өңірдегі денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым (8 облыстық деңгейдегі аурухана, 2 балалар ауруханасы, 3 қалалық аурухана, 17 орталық аудандық аурухана және аудандық аурухана, 5 оңалту орталығы, 21 емхана, 6 басқа мекемелер) және 130 жеке меншік мекемелер, оның ішінде 36 емхана мекемелері кіреді. 

Барлық  медициналық мекемеге – 2 072 334 адам тіркелген, оның ішінде жеке меншікке  - 340 мың (16%). Медициналық ұйымдарда – 35 714,75  штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс істейді (дәрігерлер –5 977,25, орта медицина қызметкерлері – 17 137,25, педаготар – 209, басқалар – 12 391,25). 

“Биылғы 7 айда облыс халқына 20 157 015 клиникалық-диагностикалық қызметтер, 444 152 жедел жәрдем шақыртулары, 1 975 санавиация шақыртулары жүргізілді. 8 млннан астам амбулаторлық көмек көрсетілді. 208 мыңнан астам Стационарлық медициналық көмек көрсетілген, оның ішінде оталар саны 31 045. Аймақтағы орташа айлық жалақы дәрігерлер – 563 100 теңге, орта  медициналық қызметкерлері – 272 930 теңге, педагогтар және басқалар – 177 570 құрап отыр”, - дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, кадр даярлауда 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен Резидентурада тапшы медициналық мамандықтарды даярлауға Облыс әкімінің 60 гранты, 650 колледж гранты бөлінген болса, 2024 жылы резидентураға 139 грант, орта буынды медициналық қызметкерлерді даярлауға 625 колледж гранты бөлінді.

Сондай-ақ басшы өңірдің биылғы 7 айдағы медико-демографиялық көрсеткіштеріне тоқталды. 

“Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда – 2,4 құрап, былтырғымен бірдей болып тұр. Ана өлім-жітімі 100 мың тірі туылғандарға шаққанда – 6,8 құрап, яғни былтырғы көрсеткіштен 7,9%-ға жоғары. Нәресте өлім көрсеткіші 1000 тірі туылғандарға шаққанда –  7,3 (2023ж.7 ай – 7,4) құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,35%-ға төмендеді. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 16,8 болып, өткен жылдан 31,1%-ға төмендесе, аурушаңдық көрсеткіші 61,9 құрап, 9,36%-ға жоғарылады. Туберкулезден болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 0,09 құрап, 60,9%-ға төмендесе, аурушаңдық көрсеткіші 17,2 құрап, 20,27%-ға жоғарылады”, - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →