×

Түркістан облысында 75 жедел-жәрдем автокөлігі сатып алынды

Бүгінге дейін  «Д» есепте тұратын 172 705 науқастар жалпы сомасы 8 653 618 мың теңгеге қамтамасыз етілді

Түркістан облысында 75 жедел-жәрдем автокөлігі сатып алынды
Фото: gov.kz

Түркістан облысында 2023 жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 10,5 млрд. теңгеге 712 дана оның ішінде маңызды 32 дана медициналық құрал-жабдық пен 75 дана IV санаттағы жедел-жәрдем автокөлігі сатып алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, 2024 жылы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жалпы сипаттағы трасферттер есебінен 6 млрд теңге қаржы қарастырылды.

Осы орайда 2024 жылға жоспар бойынша медициналық ұйымдарда қажет 17 дана ететін ауыр (маңызды)  медициналық техникалар:
•    2 дана МРТ аппараты (Сарыағаш, Ордабасы);
•    2 дана сационарлық ангиография (Ордабасы және Жетісай);
•    1 дана Жасанды қан айналым аппараты (АИК - аппарат искусственного кровообращения);
•    1 дана ЭКМО аппараты (Экстракорпоральная мембранная оксигенация);
•    7 дана эксперттік УЗИ (№1 және №2 облыстық перинаталды орталығы, Шардара, Созақ, Түлкібас, Сайрам аудандық «Қарабұлақ» аудандық ауруханалары және Түркістан қалалық орталық ауруханасы);
•    4 дана Видеоэндоскопиялық жиынтық (Облыстық фтизиопульмонология орталығы, облыстық клиникалық ауруханасы және Кентау қалалық орталық ауруханасы).
Сондай-ақ 2024 жылға өңірдің медициналық ұйымдар тарапынан республикалық бюджет есебінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес 15,9 млрд теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 атауын сатып алуға өтінім берілген. 

Бүгінге дейін  «Д» есепте тұратын 172 705 науқастар жалпы сомасы 8 653 618 мың теңгеге қамтамасыз етілді. Соның ішінде 18 жасқа дейінгі 39 299 науқас 1 663 079 мың тг. қаражат көлемінде  қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар биыл жаңадан пайда болған «Д» есепте тұратын науқастар санының артуына байланысты медициналық ұйымдар тарапынан ТМККК шеңберінде – 2 355 962 мың теңгеге және МӘМС жүйесі бойынша 488 550 мың тг. көлемінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қосымша өтінім жолданды.

2024 жылға орфанды науқасшаңдығымен ауыратын 251 науқастарды тегін медициналық кепілдендірілген көмектің шеңберінде  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 4 591 681 мың теңге бөлінді, - дейді Асхан Байдуәлиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →