×

10 жылда алғаш рет: Қапшағай 100%-ға толды

Су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды

10 жылда алғаш рет: Қапшағай 100%-ға толды
Фото: gov.kz

10 жылда алғаш рет Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 100 пайызға толтырылып, 18 млрд текше метрден астам су жиналды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Осы көктемде су қоймасына секундына 900 текше метрге дейін су келді. Мамандар мұны Тянь-Шань мұздықтарының еруімен және жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.

"Соңғы рет Қапшағай су қоймасы 2014 жылы 100 пайызға толтырылды. Суару кезеңінің басынан бастап Шеңгелді ауылдық округінің 6 мың гектар егіс алқабына және Ақдала ауылдық округінде 28 мың гектарға су беріледі. Бүгінде аграршылардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіледі", - деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.

Қазір Қапшағай су қоймасында 16,2 миллиард текше метр су бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →