×

"Соңғы тілегін орындайық": бельгиялық Жәнібек өзін асырап алған анасы жайлы айтты

Ол Валеридің өсиетін айтты

"Соңғы тілегін орындайық": бельгиялық Жәнібек өзін асырап алған анасы жайлы айтты
Фото: ашық дереккөзден

Жәнібек Савельев жақында ғана өмірден озған асырап алған анасы Валеридің өсиетін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Ең алдымен өмірде жақынынан айырылып қалған адамдардың бәріне көңіл айтқым келеді. Валери 10 шілдеде қайтыс болды. Иә, мені асырап алған анам таңғы 10:30-да бұл дүниемен қоштасты. Биыл қаңтарда Таиландта жүрген кезімде Валери ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін былтыр эвтаназияға жүгінгенін айтып еді. Валери мықты адам ретінде есте қалды, өйткені ол басына түскен қиындықпен жалғыз күресуге мәжбүр болды. "Туған анаңды тап және мына үлкен әлемде жалғыз қалма" деп маған соңғы тілегін айтып кетті. Сауалы көп, жауабы жоқ оқиғада оның тілегін орындай алар ма екенбіз? Рақмет, мама", – деді Жәнібек.

Сондай-ақ өзін асырап алған анасының соңғы тілегін орындауға жұрттан көмек сұрады.

"Достар, қайырлы күн! 10.07.2024 – көпшілік білетіндей, бұл менің ең жақын адамым қайтыс болған күн. Иә, әлемдегі жалғыз жақын адам. Валери менің туған анам болмаса да, ол мені өз ұлындай жақсы көрді және мен үшін қолынан келгенін жасауға тырысты. Мені қолдап, хат жазып, көңіл айтқан жандарға рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін, жақсы адамдар. Валеридің соңғы тілегін орындауға тырысайықшы. Кездескенше!" – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →