×

Абай облысы: 240 сағат ауылға барғандар не тындырып жүр?

Бұл жоба осыдан бірнеше жыл бұрын пилоттық негізде Көкентау ауылында ұйымдастырылған болатын

Абай облысы: 240 сағат ауылға барғандар не тындырып жүр?

Қазіргі күнде жастарды ауыл тіршілігімен таныстырып, еңбекқорлыққа баулудың маңызы зор. Сол мақсатта осыдан бес жыл бұрын (2019 ж)  «240 сағат ауылда» жобасы пилоттық негізде қолға алынған еді. Ол кездегі жас толқын Көкентау ауылында болып қайтқан еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңадан құрылған Абай облысында осы бастама облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жақында жалғасын тапты. Жобаға қызығушылық білдіріп қатысуға талаптанған 6 бозбала, 4 бойжеткен Үржар ауданы, Таскескен ауылына жол тартты. 

«240 сағат ауылда» жобасы аясында қалада туып өскен жастар ауылдың тыныс-тіршілігімен таныс болып, ұйымдастырушылар тарапынан берілген бірқатар тапсырмаларды орындайды. Мәселен, ер балалар бау-бақшан баптауға, шөп шабуға, мал бағуға, қой союға, су тасуға ат салысып, жүктелген тапсырмаларды орындаса, қыз балалар самаурын қайнату, дастархан жаю, сиыр сауу, май шайқау, кілегей тарту, салат жасау сынды тапсырмаларды орындап, болашағына қажетті істерді үйренеді. Жоба қатысушыларының қауіпсіздігі, тамақтану мен жол шығындары және жатын орындары ұйымдастырушылар тарапынан өтеледі. Бұл жоба осыдан бірнеше жыл бұрын пилоттық негізде Көкентау ауылында ұйымдастырылған болатын, – дейді «Шығыс жастары» қоғамдық қорының басшысы Алиби Абдурайымов. 

Сонымен «240 сағат ауылда» жобасының қатысушылары он күн шамасында Таскескен ауылының тыныс-тіршілігімен танысып, өздеріне жүктелген тапсырмаларын орындап қайтады. Бұл жоба ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету және ауыл тұрғындарының өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Сол тұрғыда қарт адамдарға қол ұшын беру, үй-жайын тазалап, басқа да күнделікті жұмыстарына ат салысатын болады.

Таскескен аулыныда қарбыз өсіру де жақсы жолға қойылған. Аталған жобаға қатысушы жастар жергілікті бағбандармен кездесіп, қарбыз өсірудің ерекшеліктерімен, оның ішінде топырақты дұрыс дайындау, суару, тыңайту сияқты маңызды технологияларынан кеңінен мағлұмат алғаны қуантады. Жалпы, бұл тәжірибе оларға ауыл шаруашылығының мән-маңызын, ауыл халқының еңбегінің құндылығын түсінуге кеңінен жол ашатыны белгілі.

Сәтжан Қасымжанұлы,

Абай облысы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Бүгін, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →