×

Алматыда қалыңдық мәһірге бизнес-джет сұрады – күйеу жігіттің жауабы қандай болды?

Елімізде соңғы кезде белең алып бара жатқан үрдістің бірі –  мешітте некесін қидырған жас қалыңдықтың қомақты мәһір сұрауы

Алматыда қалыңдық мәһірге бизнес-джет сұрады – күйеу жігіттің жауабы қандай болды?
Qaz365.kz коллажы

Алматыда ең қымбат мәһірдің аты аталды. Қалыңдық күйеу жігіттен Бизнес джет Cesna Citation ұшағын сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Біздің дереккөз бойынша, үйленіп жатқан жігіт пен қалыңдықтың екеуі де Қазақстан азаматы. Бірақ шет мемлекетте тұрады. Қазіргі уақытта қалыңдық Дубайда мүлік бизнесімен айналысады. Күйеу жігіт Канадада  бағалы тас сатумен табыс табады. Екеуінің бір-бірімен таныс болғанына бір жылға жақындаған. Екеуінің жасы 30-дың шамасында. Жігіт қызға мәһрін алып беруге келісімін берді, дейді сенімді дереккөз. Сондай-ақ, күйеу жігіттің балалар үйінен шыққаны айтылады. 

Айта кетейік, джет Cesna Citation ұшақтарының бағасы әртүрлі. Ең кемі 9 миллион доллардан басталады. Мысалы, Бизнес джет Citation X моделінің жаңа маркасы 23 миллион доллар шамасында. 

Еске салсақ, былтыр елдегі танымал блогерлердің бірі Дамеля Sweet мәһірге джет сұрайтынын айтқан. Бірақ ол әзірге тұрмысқа шыққан жоқ.

Жалпы, елімізде соңғы кезде белең алып бара жатқан үрдістің бірі – мешітте некесін қидырған жас қалыңдықтың қомақты мәһір сұрауы. Араб тілінен аударғанда «неке сыйы» деген мағынаны білдіретін бұл ғұрып Ислам елдерінде кең тараған. Бір шарты – молданың алдында қалыңдық не сұраса, күйеу жігіттің соны орындауы міндет екен.   

Алайда мәһір сұраған сәтте ер азаматтың материалдық деңгейін, отбасының әлеуметтік жағдайын ескерген жөн. Өйткені мәһір күйеуді қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін ренжітетіндей кем болмауы керек. Мәһірді бірден беруге, шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала (мәһір муғажжәл) беріп, қалғанын кейін (мәһір муәжжәл) бере алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты
Бүгін, 13:28

Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты

Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →