×

Ауылдарға жас дәрігерлерді тарту шаралары едәуір күшейтілді – Тимур Сұлтанғазиев

Медициналық колледждердің білім алушыларының да стипендиясы көтеріледі

Ауылдарға жас дәрігерлерді тарту шаралары едәуір күшейтілді – Тимур Сұлтанғазиев

Дәрігер мамандығының беделін арттыру, жас мамандарды ауылға тарту үшін мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Медициналық жоғары оқу орындарына түсуді ынталандыру және студенттерді оқыту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде 2021 - жылдан бастап жыл сайын барлық деңгейдегі білім алушылар үшін стипендияны 15-20%-ға дейін арттырады.

Сондай-ақ медициналық колледждердің білім алушыларының да стипендиясы көтеріледі. 2023 - жылдың 1 - қыркүйегінен бастап ол 50% - ға көтерілді. Ағымдағы жылдың 1 - қыркүйегінен бастап қосымша 50% - ға арттыру жоспарда бар. Медициналық кадрларды даярлау және медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

Ол дәрігер мамандығының беделін арттыру, ауылдарға жас мамандарды тарту және оларды сонда ұстап қалу үшін мемлекеттік қолдау шаралары едәуір күшейтілгенін атап өтті.

«Мысалы, ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жас дәрігерге бір мезгілде 100 ЕТЖ, яғни 8,5 млн теңге төлену керек; «Дипломмен ауылға!»; жаңа орынға қоныс аударушылар үшін тұрғын үй құнының 50%-ы мөлшерінде қаржылық көмек алуға құқығы бар экономикалық ұтқырлық сертификаты және «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде жас мамандарға жалақыдан тыс қосымша үстемақы белгілеу», - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, жуырда Түркістан облысына Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев іссапармен келеді деп жоспарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Бүгін, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →