×

Түркістанға қажетті кадрларды даярлау үшін 189 грант бөлінді

Гранттарды үміткерлер арасында іріктеп бөлу, грант иегерлерінің тізімін бекіту мақсатында конкурстық комиссия отырысын өткіздік

Түркістанға қажетті кадрларды даярлау үшін 189 грант бөлінді

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бакалавриатқа 50 грант бөлінді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ІТ саласына 35, медицина бойынша 15 орын берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Гранттарды үміткерлер арасында іріктеп бөлу, грант иегерлерінің тізімін бекіту мақсатында конкурстық комиссия отырысын өткіздік.

Бұл орындарды тек Түркістан облысының мектеп бітірушілері иеленді. Құжат тапсырғандардың арасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топтағы немесе бала кезінен мүгедектер, осы санаттағы балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, толық емес және көпбалалы отбасылардың балалары, ауыл жастары, Алтын белгі иегерлеріне гранттар үлестірілді. Бұл студенттерге Түркия еліне барып, білім алуларына мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Бір ғана шарт оқуды тәмамдаған соң университет түлектері 5 жыл Түркістан өңірінде жұмыс істеулері қажет.

Жалпы Түркістан облысында 250 медицина маманына қажеттілік бар. Атап айтқанда акушерия, аллергология және иммунология, анестезиология және реаниматология, ангиохирургия, балалар хирургиясы, гастроэнтерология, гематология, дерматовенерология, жақ сүйек-бет хирургиясы, кардиология, клиникалық фармакология, медициналық генетика, нейрохирургия, неонаталогия, нефрология, онкология, патологиялық анатомия, педиатрия, радиология, ревматология, травматология-ортопедия, физикалық медицина және реабилитация, эндокринология сынды бағыттары бойынша кадрлар жетіспейді.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін облыс басшысы Дархан Сатыбалдының қолдауымер биыл резидентураға 139 орын бөлдік. Ол үшін 6 университет пен институт таңдалды. Солардың ішінде ХҚТУ де бар. Былтыр резидентураға 30 грант бөлініп, мамандар қазіргі таңда білімін жетілдіріп жатыр. Барлық резидентура түлектері Түркістан өңірінде 5 жыл қызмет етіп, білім грантын өтейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Таза Қазақстан: 40 мыңға жуық ақтөбелік сенбіліктерге қатысты
Кеше, 13:58

Таза Қазақстан: 40 мыңға жуық ақтөбелік сенбіліктерге қатысты

Барлығы 680 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды
Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып отыр
Акцияға 2 800 адам қатысты, 41 бірлік техника тартылып, 101 тонна қоқыс шығарылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →