×

Жетісу облысында жүкті әйелдерге диагностикалық медициналық көмек көрсетеді

Кеңес алып, қараламын деуші аналарға есік ашық

Жетісу облысында жүкті әйелдерге диагностикалық медициналық көмек көрсетеді
Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысы әкімдігі 22-23 тамыз күндері жүкті әйелдерге диагностикалық медициналық көмек көрсетілетін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлемдегі ең сұлу кім десе, ол сөзсіз жүкті әйелдер, болашақ аналар. Жетісу облысында бүгінге 5775 жүкті әйел есепте тұр, олардың жүктілігі сәтті өтуі біз үшін өте маңызды. Сол себепті биылғы жылдың 22-23 тамыз аралығында облыстық перинаталдық орталығында акушерлік гинекология және перинаталогия ғылыми орталығының арнайы жұмыс тобы жүкті, босанатын, босанған және жаңа туған нәрестелерге консультациялық, емдік және диагностикалық медициналық көмек көрсетеді», - делінген әкімдіктің мәліметінде.

Атап айтқанда қызмет көрсету тобы – акушер-гинеколог, Неонатолог-реаниматолог, реаниматолог-дәрігері, УДЗ мамандарынан құрылған.

Кеңес алып, қараламын деуші аналарға есік ашық.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды
13.09.2024ж. 14:40

Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды

Ол еңбек жолын 2010 жылы бастаған
Декларация тапсыру процесі 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталған еді
Үміткерлерден барлығы 30 мың өтініш келіп түскен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →