×

«Проблемаларды шешу керек»: Бағдат Мусин нашар мобильді байланыс үшін жауап беретінін айтты

Қазақстанда үш мобильді оператор жұмыс істейді

«Проблемаларды шешу керек»: Бағдат Мусин нашар мобильді байланыс үшін жауап беретінін айтты
Фото: gov.kz

«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин компанияға қарасты болса, нашар байланыс үшін жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанда үш мобильді оператор жұмыс істейді. «Қазақтелекомға» тиесілі мобильді операторлар үшін біз жауап береміз. «Kcell» акционерлік қоғамында өзінің менеджменті бар. Директорлар кеңесі бар. Біз «Қазақтелеком» компаниялар тобы ретінде басқарамыз. Бірақ операциялық тұрғыда біз басқаруға араласпаймыз. Бірақ мен өзімнен жауапкершілікті алмаймын. Осыған дейін жіберілген қателер мен қазіргі проблемаларды шешу керек. «Қазақтелекомның» өзінде де проблема жеткілікті болды. Ол мәселелер қазір жойылды», – дейді Мусин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →