×

Атакентте АПВ бойынша семинар өтті

Иммундауды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді

Атакентте АПВ бойынша семинар өтті
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысына қарасты, Мақтарал ауданындағы Атакент ауруханасында «Адам папиллома вирусы» тақырыбында медицина қызметкерлеріне семинар жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өздеріңізге белгілі 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы жаппай екпе салу жұмыстары басталады. Осы ретте хирург онколог дәрігер Уалихан Лайсханов АПВ несімен қауіпті және алдын алудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Дәрігердің сөзінше АПВ-ға қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың 82% құрайтын жатыр мойны обырының алдын алу. ДДҰ АПВ вакциналарын барлық ұлттық иммундау бағдарламасына енгізуді және 2030 жылға қарай 15 жасқа толғанға дейін барлық қыздардың 90% вакцинациямен қамтылу қажеттігін ұсынады.

Жатыр мойны обыры жылына 340 000 нан астам әйелдің өмірін қиятын, әлемдегі ең көп таралған, өлім-жітім бойынша 4-ші онкологиялық ауру. Қазақстан Республикасында ЖМО әйелдердегі барлық қатерлі ісіктердің ішінде 2-ші орында тұр. Елімізде жыл сайын 1600 жағдай анықталса, 500 әйел осы патологиядан қайтыс болады. Бұл дегеніміз күніне 2 әйел көз жұмады деген сөз.

Иммундауды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді. Балаларды вакцинациялау ата-аналарының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

Вакцинаны енгізудегі үлкен мақсаттың бірі елімізде жатыр мойын обырымен сырқаттанудың, сондай-ақ адам папилломасы вирусымен байланысты өзге де қатерлі ісіктердің жиілігін төмендету. Қолданылатын төрт валентті вакцина әлемнің жүздеген астам елі тәжірибеден өткізген, ДДҰ тарапынан мақұлдаған денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ, қауіпсіз екпе болып табылады

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Бүгін, 10:10

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →