×

Ананың сүті қандай аурулардың алдын алады? – дәрігер кеңесі

Ана сүті – өмір есігін жаңа ашқан сәби үшін теңдесіз қорек

Ананың сүті қандай аурулардың алдын алады? – дәрігер кеңесі

Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық орталық ауруханасында жас аналарға баланы қалай дұрыс емізу керек және ана сүтінің пайдасы жөнінде тағылымды мәліметтер берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы ретте Арыс аудандық орталық емханасының балалар бөлімінің мейірбикесі Алмагүл Әбдірасыл ана сүтінің маңыздылығына тоқталды. Оның сөзінше, сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездеседі. Ана сүтінің құрамында ағзаға керек барлық нәрлендірушілер бар, оның ішінде белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмір су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер, липаза, лактаза т.б. арнайы ферменттер деп жалғасып кете береді. Одан бөлек, 6 айдан көп уақыт емізілген балаларда өкпе қабыну ауруы 4 есе аз кездесетіндігі, диабет түрлі жұқпалы аурулардың алдын алып, ұмытшақтыққа, ас қорыту жолдарына пайдасы көп екенін айтты.

«Ана сүті – өмір есігін жаңа ашқан сәби үшін теңдесіз қорек. Ананың ақ сүтін ешбір сүт қоспасы алмастыра да алмайды. Өмірде екі бірдей ана сүтін кездестіру мүмкін емес. Құрамы, майлылығы баланың қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады. Ана сүті ішек, респираторлы жұқпалы, аллергиялық аурулардың алдын алады. Сонымен қатар өкпенің қабыну қауіпін сейілтеді. Баланың физикалық өсуін дамытады. Сана-сезімін жетілдіреді. Ана сүті баланың жүйке-психикасын дамытады. Оның құрамында А, Е, Д витаминдері өте көп. Баланың артық салмақ, семіздік ауруларына шалдығудың алдын алады. Емізу баламен қатар анаға да пайдалы. Ол сүт безінің қатерлі ісікке шалдықпауын екі есе төмендетеді. Ғалымдардың мәліметінше, ана сүтін емген балалар тез тіл табысқыш, мейірімді болып өседі. Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді», - деді мейірбике.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →