×

«Әкем киімін жинап кетіп қалған»: Кішкентай қыздың әңгімесі көпшілікті жылатты

Ол еден жуатын анасына көмектесетінін айтты

«Әкем киімін жинап кетіп қалған»: Кішкентай қыздың әңгімесі көпшілікті жылатты
Видеодан скриншоттар

Әлеуметтік желіде әкесін сағынған кішкентай Айша есімді қыздың видеосы таралды. Бейтаныс кәсіпкер кішкентай қызбен сөйлесіп, мектепке дайындығы жөнінде сұрайды. Кейіннен Айшаны киіндіріп, үйіне азық-түлік жеткізіп береді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айша есімді кішкентай қыздың айтуынша, оларды әкесі тастап кеткен.

«Әкеміз бізбен бірге тұрмайды. Ол киімін жинап кетіп қалған. Сіздің иісіңіз менің әкемнің иісіндей екен. 2-сыныпқа барамын. Мектеп формасы мен қалам-дәптер алмадық», - дейді кішкентай қыз.

Ол еден жуатын анасына көмектесетінін атап өтті.

«Көпқабатты үйдің 18 қабатынан 7 қабатына дейін сыпырамын. Анама көмектесемін. Ол еден жуады», - дейді Айша.

Кәсіпкер жігіт кішкентай қыз бен оның ағасын жаңа оқу жылына дайындап, керек-жарақтың барлығын алып берді. Тіпті, телефонына дейін алып берген. Сондай-ақ үйіне қажетті азық-түлікті жеткізіп берді. Кішкентай Айшаның көңіл-күйін көтеріп, қонжық пен гүл сыйлады.

«Мектепке де дайын болмадық. Сабақтың басталуына 1-2 күн қалып еді. Сондықтан осындай көмектеріңізге көп рахмет. Алла разы болсын», - деді Айшаның анасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →