×

506 млрд теңге: «Жасыл даму» утилалымнан түскен қаражатты қайда жұмсады?

«Жасыл даму» зауыттарды неге қыспаққа алып жатыр?

506 млрд теңге: «Жасыл даму» утилалымнан түскен қаражатты қайда жұмсады?
Фото: kolesa.kz

«Жасыл даму» акционерлік қоғамына 2022 жылдың қаңтар айынан бастап, 2024 жылдың І тоқсанын қоса есептегенде, кәдеге жарату төлемінен 506,2 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның ішінде көлік құралдарын импорттаушылардан түскен сома 230,3 млрд теңге. Халықтан жиналған бұл сомаға қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

«Жасыл даму» АҚ-ның редакцияға берген ресми жауабында былай делінген:

«2022-2023 жылдары «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы жеңілдікпен қаржыландыру үшін отандық өндірістен шығарылған автокөлік сатып алатын жеке тұлғаларға 100 млрд теңге, автобустар лизингіне 30 млрд теңге және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 30 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді». 

Биыл елдегі автобус паркін жаңарту және жаңа көлік алуға несие беру үшін қосымша 15 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Халыққа берілген қарыздардың жалпы сомасы 105,8 млрд теңге.Ауыл шаруашылығы техникасының 1722 бірлігі жаңартылды. Лизингтің жалпы сомасы 65 млрд теңгені құрады.

185 млрд теңгеге зауыт салынады

Кәдеге жарату алымы есебінен 2024-2026 жылдары экологиялық іс-шараларға 185 млрд теңгеқарастырылып отыр. Бұл қаражатқа Қазақстан бойынша қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа зауыттар, сұрыптау желілері және қалдықты жинау, сұрыптау, қайта өңдеумен айналысатын жұмыс істеп тұрған компаниялар жаңғыртылады. Тіпті,қалдық шығаратын арнайы техника сатып алыну да жоспарда бар.

Бұдан бөлек, орман шаруашылығы ұйымдарына 15 млрд теңге бөлінеді. Оған өрт сөндірушілерге жаңа машиналар сатып алынбақ. 

Утильалым ақшасына 30 жоба іске асыру көзделіп отыр. Оған 125 201 млрд теңгеқарастырылған. Оның ішінде 79 929 млрд теңгеге 14 қайта өңдеу кәсіпорны, 49 109 млн теңгеге 10 қалдық сұрыптау кешені және 6 кәсіпорыннан 1 163 млрд теңгеге 21 арнайы техниканы сатып алуға өтініш түскен. 

«Бұған қоса, үш ірі жоба бар. «ADC TAZA A'LEM» ЖШС (Алматы облысы) зауыт құрылысы, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы биогаздан электр энергиясын өндіретін техно-экопаркінің құрылысы, «KZ Recycling» ЖШС (Алматы қ.) қағаз және картон өндірісі зауыты, «Seven Rivers Technologies» ЖШС (Қызылорда қ.) шыны ыдыстарды шығаратын зауыт салужоспарланған. Оған жалпы сомасы шамамен 104 млрд теңге кетеді», - делінген ресми жауапта. 

Белгілі болғандай, құны млрдтарды құрайтын жобалар қазір іріктеу сатысында тұр. Сондықтан нақты жобаның қайда және қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тек қанша сома бөлінеті анықталып қойған.  

«Жасыл даму» зауыттарды неге қыспаққа алып жатыр?

Утилизациялық алымды Қазақстандағы зауыттар да төлеуге міндетті. Мысалы, «Жасыл даму» тарапынан Талдықорғандағы «Қайнар» АКБ кәсіпорынынан 85 миллиард теңге утильалым төлеу талап етілді. Алайда зауыт мұндай төлемнен босатылғанын заң жүзінде дәлелдеп отыр. Сонымен қатар, автомобиль шиналарын импорттайтын және қайта өңдейтін «Кама Қазақстан» компаниясы мен ALTRA TYRES компаниясына 1 млрд 131 млн теңге көлемінде алым төлеу талап етіліпті. Компания басшылары бұл талаптың орынсыз екенін айтады. Ал «Жасыл даму» ұйымы болса, бұл талаптың заң аясында іске асып отырғанын алға тартады. 

«Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның растауымен қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, залалсыздандырудың немесе кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. «Жасыл даму» АҚ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы ретінде 2019 жылдан бастап импорттаушылар мен өндірушілер бойынша кәдеге жарату төлемін толық және уақтылы төлеуді бақылайды»,- делінген жауапта.

Белгілі болғандай, кезінде «ӨКМ Операторы» импорттаушылар мен өндірушілерге тиісті деңгейде бақылау жүргізбеген. Енді «Жасыл даму» АҚ «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Кама-Қазақстан» ЖШС, «ALTRA TYRES» ЖШС сияқты компанияларда ӨКМ операторының шотына кәдеге жарату төлемін төлемегенін алға тарып отыр. Енді зауыттардан аталған көлемдегі соманы сот арқылы өндіріп алмақ. 

Айта кетерлігі, 2022 жылғы қаңтардан бастап, 2024 жылдың І тоқсанын қоса есептегенде, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші отандық 15 заңды тұлғадан түскен кәдеге жарату төлемінің жалпы сомасы 242,5 млрд теңге болды. 

Статистикаға сүйенсек, 2022 жылы кәдеге жарату алымы 50%-ға төмендегенімен, әкелінген көлік құралдарын заңдастырғаннан кейін елде ескі машиналар саны көбейіп кетті. Жалпы Қазақстанда жүрілгеніне 10 жылдан асқан көліктердің үлесі 60 пайызды құрайды екен. Мамандардың «Елдегі ескі көліктердің көбеюіне утилизациялық алым кері ықпал етіп отыр» деген пікіріне «Жасыл даму»: «Бұл сұрақ біздің құзіретімізге кірмейді», - деп жауап берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →