×

Қазақстанның қанша азаматы мемлекеттен 1,5 млн теңгелік грант алды

Үміткерлерден барлығы 30 мың өтініш келіп түскен

Қазақстанның қанша азаматы мемлекеттен 1,5 млн теңгелік грант алды
Фото: freepik.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1 476 800 теңге көлемінде грантты қанша азаматтың алғаны жөнінде ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан 8 941 адам грант алған. Оның 5 769-ы ауыл тұрғындары. 2024 жылы барлығы 9000 грант беру жоспарланған болатын.

Гранттар негізінен мал шаруашылығына - 2 331, мүкәммалды, еңбек құралдарын сатып алуға - 2 425, технологиялық жабдықтарды сатып алуға - 3 941 берілген. Тағы 5 646 грант көпбалалы отбасы мүшелеріне, 1 446-і мүгедектігі бар адамдарға, 1 045-і мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 253-і атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 365-і асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға, 151-і қоныс аударушыларға және 35-қандастарға берілген.

Үміткерлерден барлығы 30 мың өтініш келіп түскен. Оның ішінде көпбалалы отбасылардан - 19,4 мың, мүгедектігі бар адамдардан - 4,7 мың адам бар.

Ең көп өтінім Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындарынан келіп түсті.

Гранттарды еңбек ұтқырлығы орталықтары үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық немесе қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама  Business.enbek.kz порталында грант алуға кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі.

Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды
Бүгін, 15:54

Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды

Туындыны жасауға 1 жылға жуық уақыты кеткен
Темір арба арнайы электр құрылғымен жабдықталған
Биылғы күзгі науқанда армияға 20 мынан астам қазақстандық шақырылды.
Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →