×

Танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден озды

Жаназасы бүгін шығарылады

Танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден озды
Фото: facebook.com/teatr.musrepov

ҚР Еңбек сіңірген артисі, "Ерен еңбегі үшін" және "Еңбек ардагері" медальдерінің иегері, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының артисі Күләш Қажығалиева өмірден өтті. Бұл туралы театрдың желідегі парақшасында айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген хабарда.

Жаназасы бүгін, 13 қыркүйекте сағат 10:00-де шығарылады. 

Театр мәліметінше, Күләш Қажығалиева 1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған артист. Ол Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі "Менің атым Қожа" қойылымында Жанардың рөлінде ойнаған. 

Сондай-ақ актриса "Қызыл сұңқарлар" – Маруар, "Қорқыттың көрі" – Қамқа шеше, "Ыстықкөл трагедиясы" – Кемпір, "Ақ кеме" – Кемпір, "Қыз жиырмаға  толғанда" – Ғани,  "Жақсы кісі" –Балзия, "Атау-Кере" – Марфа, "Ауылдан келген ару" – Сәндігүл, "Ең алғашқы Жаңа жыл" – Әже, "Шағала" – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда
Бүгін, 19:47

Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтіледі
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс.
Ол қомақты қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →