×

Қазақстанның барлық өңірін жаяу жүріп өткен жиһангез ақсақал – Сәрсенбай Қотырашов

72 жастағы қария 8000 шақырымды жаяу жүріп өткен

Қазақстанның барлық өңірін жаяу жүріп өткен жиһангез ақсақал – Сәрсенбай Қотырашов
kazakhmys.kz

Еліміздің барлық өңірін жаяу жүріп өткен 72 жастағы жиһангез Сәрсенбай Қотырашовқа пәтер сыйға берілді,  деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Қазақмыс компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саяхатшы Ақтөбеге жетті

Жезқазғанда Қазақстан бойынша жаяу саяхат жасаған атақты қазақстандыққа салтанатты құрмет көрсетілді. 72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов алты ай ішінде бүкіл елді аралап шықты.

Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, одан кейін елдің оңтүстігімен жүріп Каспийге жетті. Ол барлығы 8000 шақырымды жүріп өтті.

“Бұл шынымен керемет нәтиже! Біздің облыстың барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісінің жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Бүгін Қазақмыс компаниялар тобының басшылығы атынан сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің осы ерлігіңіз үшін Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаймыз”,– деп құттықтады “Қазақмыс Смэлтинг” ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы аталып өтті
Бүгін, 02:53

Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы аталып өтті

Батырдың 115 жылдығына арналған іс-шаралар тұлғаның туған жері – Жуалы ауданынан бастал
KPI құрамына 2025 жылға арналған қалалар мен аудандардың ірі әрі маңызды жобалары енгізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →