×

Көпбалалы отбасылар үшін баспанаға өтініш қабылдау басталады

Қатысушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі

Көпбалалы отбасылар үшін баспанаға өтініш қабылдау басталады
Фото: ашық дереккөзден

Астанада кезекте тұрған азаматтардан «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына өтінімдер қабылдау жуырда басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

Өтініштер birge.astana.kz. порталында қабылданады. 

  • «Көпбалалы отбасылар» санатындағы халыққа – 223 пәтер (оның ішінде 69 пәтер өткен кезеңнің көлемі).
  • «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына арналған – 154 пәтер.
  • «Халықтың әлеуметтік осал топтары» басқа санаттарына арналған – 458 пәтер таратылады.

Тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Нысандар Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы ауданында; Нұрғиса Тілендиев даңғылы; Астана-Қарағанды тас жолы ауданында орналасқан.

Қатысушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасы құрамы ескеріледі.

Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдағы кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.

Толық ақпаратты Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан білуге болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты
Бүгін, 20:30

«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты

 Ұлттық қорға қаражат аударатын мұнай компанияларының саны 8,5 есе азайған
Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан
Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →