×

Соттың үкімі шықпай жатып журналистер бұрқыратып жазады – Жоғарғы сот судьясы

Оның айтуынша, судьяның үкіміне қоғамдық резонанс әсер етуі мүмкін

Соттың үкімі шықпай жатып журналистер бұрқыратып жазады – Жоғарғы сот судьясы

ҚР Судьялар одағының төрағасы, ҚР Жоғарғы сотының судьясы Сәкен Абдолла «УӘДЕ» бағдарламасына берген сұхбатында сот шешіміне қоғамдық пікір де әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мысалы, маған бір іс келіп түссе, төртінші билікті, яғни БАҚ өкілдерін пайдаланып, тергеу басталған күннен бастап құқық қорғау саласында оны жария етеді. Ал бізде заң бар. Ата заңнан бастап. Адамды айыпты деп айту үшін – соттың үкімі болуы керек. Ал соттың үкімі шықпай жатып, адамды ұстап алып, байбалам салып, жария қылады. Одан бөлек, оны журналистер бұрқыратып жазады. Бұл, әрине, ықпал етеді. Егер судьяның ішкі жан дүниесі мықты болмаса, ол жалтақтайды. Судья робот емес, адам ғой», – деді судья.

Оның айтуынша, судьяның үкіміне қоғамдық резонанс әсер етуі мүмкін. 

«Себебі ол ойлайды. Альтернативті пікірге келеді. Қолында тұр. Заң бойынша шартты жаза беруге де болады немесе бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға да болады. Әділеттілік бойынша да, басқа да критерийлер бойынша. Оны жасырмау керек, «ауруын жасырған өледі», – дейді. Ықпал ететін факторлар болса, ол ары ойланады, бері ойланады. Тыныштық керек деп ойлап, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай салады. Егер қажет болса, аппеляция немесе кассациялық соттар үкімді өзгертер деп ойлайды. Бірақ мен осы үкіммен өзімді аулақ қылайын деп ойлайды. Себебі мен туралы дұрыс емес пікір туындауы мүмкін. Не пара алды, не біреудің өтінішін орындады деп ойламасын деген оймен де осындай шешімдер қабылдануы мүмкін. Біз мұны жасырмауымыз керек. Осындай жағдайлар да бар, біз судьялар сонымен жұмыс жасаймыз», – деді ҚР Судьялар одағының төрағасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды
Бүгін, 15:54

Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды

Туындыны жасауға 1 жылға жуық уақыты кеткен
Темір арба арнайы электр құрылғымен жабдықталған
Биылғы күзгі науқанда армияға 20 мынан астам қазақстандық шақырылды.
Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →