×

Қазақстанда 1404 ауыл жойылған

Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ

Қазақстанда 1404 ауыл жойылған
Коллаж Qaz365.kz

Сенаттың жалпы отырысында Серік Шайдаров ауылдық аймақтар экономикалық дамуда артта қалғанын, өмір сүру сапасының төмендеп бара жатқанын және ауылдардың жойылып кетуіне әкеліп соғатын проблемаларды айтып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сенатор 2019 жылдан бері келе жатқан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына да тоқталды. 2014-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 524 миллиард теңге бөлініп, 1800 ауылда 5 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туған. 

Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ, бұл ауылды дамытудың әлемдік тәжірибесіне қайшы келеді. Мұнда табыс деңгейі мен жұмыссыздық сияқты экономикалық көрсеткіштер басты рөл атқарады.

Сондай-ақ ол елімізде соңғы 20 жылда 1404 ауылдың жойылып кеткенін, бұл ауылдық аймақтарға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау қажеттігін алға тартты.

««Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты – осы ауылдардағы экономикалық өсу өлшемі арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Іс жүзінде бюджет қаржысын әдеттегідей игеру жүріп жатыр, ал тұрақты жұмыс орындары ашылмаса мемлекет салынған қаржыдан тиісті нәтиже ала алмайды», - дейді Серік Шайдаров.

Депутат мемлекеттік қолдаудың қатысуымен бөлінетін барлық несиелерді «Ауыл – ел бесігі» бойынша ауылдық елді мекендерді қаржыландырумен байланыстыру және негізгі индикаторды осы ауылдық елді мекендердегі салалар бойынша жалпы қосылған құнның жыл сайынғы өсуіне мониторинг жүргізе отырып, жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашуды айқындау ұсынылғанын айтты. Ал қалыптасқан жағдайды ескере отырып, неге инфрақұрылымға миллиардтаған сома құйылатын ауылдық елді мекендерде бөлінген несиелер мен бизнес ашу бойынша талдау жоқ деген сұрақ туындайтынын айтып өтті.

Серік Шайдаров ауыл тұрғындарына ӘКК арқылы несие беруді де ұсынды. Себебі, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаларды жергілікті атқарушы органдар қалыптастырып, ауылдарда жұмыс орындарын ашуды және инфрақұрылымды дамытуды үйлестіруді ұсынып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Бүгін, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді
Өткен жылдан бастап, кітапхана басшылығы балалар мен жасөспірімдерге арнаған «Интеллектум» мега жобасын қолға алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →