×

Иманғали Тасмағамбетовтің әпкесі қайтыс болды

Ол еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының медицина саласында балалар дәрігері болып бастады

Иманғали Тасмағамбетовтің әпкесі қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетова 74 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов жазды.

Еске сала кетейік, Нұрсұлу Нұрғалиқызы  Тасмағамбетова 1950 жылы 17 қыркүйекте Атырау облысы Новобогат ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының медицина саласында балалар дәрігері болып бастады. Әр жылдары бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі қызметтерін атқарды.
 
Айта кетейік, 2006 жылдың жазында Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлердің өз ісіне немқұрайдылығынан сәбилердің жаппай АИТВ (ВИЧ) індетін жұқтыруы қоғамды дүр сілкіндірген. Нұрсұлу Тасмағамбетова сол кезде облыстық денсаулық сақтау департаментін басқарған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →