×

Түркістан облысындағы ауылдарда медициналық нысандардың саны артуда

Жалпы құны 120,9 млн теңгені құрайтын ғимараттың ауданы 250 шаршы метр

Түркістан облысындағы ауылдарда медициналық нысандардың саны артуда

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында 2 медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде Түркістан облысына қарасты елді мекендерде бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың саны артуда. Оның ішінде, Қазығұрт ауданындағы Сарапхана ауылдық округіне қарасты Махамбет елді мекенінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы жеке инвестор есебінен фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Аталған фельдшерлік-акушерлік пункт аусымына 15 адам қабылдауға арналған. Нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ғимаратты қазан айында ел игілігіне пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. 

Жалпы құны 120,9 млн теңгені құрайтын ғимараттың ауданы 250 шаршы метр. Қазіргі уақытта ғимарат аумағын абаттандыру, газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Махамбет елді мекенінде жалпы халық саны – 1390 адам. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі, Майлыошақ елді мекенінде жеке кәсіпкер қаражатынан медициналық пункт салынып жатыр. Денсаулық сақтау ғимараты ауысымына 10 адам қабылдауға арналған. 2024 жылдың мамыр айында құрылысы басталған нысанды қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Ғимараттың ауданы – 200 шаршы метрді құраса, жобалық құны – 89,0 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта ғимарат аумағын абаттандыру, газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендегі тұрғындар саны – 498 адам.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Түркістан облысы аумағындағы 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды
Бүгін, 18:04

Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды

Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам
Биыл жұмыс істейтін алматылық жастар үшін 2100 жалдамалы пәтер берілді
Бұл ұйым елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізбек болған  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →