×

ЖРВИ – әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы

Ол даму үдерісінде вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы мүмкін

ЖРВИ – әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы

Түркістан облысында 686 инфекци ялық төсек-орын бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев қазіргі таңда аймақтағы эпид ахуал туралы баяндады.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 686 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде ересектерге арналған - 241, балаларға арналған - 445, реанимациялық төсек-орын саны – 287. Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орында жатқан науқас саны – 212, оның ішінде ЖРВИ саны – 203, пневмония – 9. Осы ретте ағымдағы жылдың эпидмаусым кезеңінде 271 348 жас ерекшеліктері мен тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундау жоспарлануда. Иммундау Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасымен жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап, ЖРВИ-мен бүгінгі күнге дейін 35 943 науқас тіркеліп, 552 науқасқа төмендеген. Сонымен қатар, облыста коронавирустық инфекцияның өршуі болған жағдайда, қосымша 1825 инфекциялық төсек-орын ашуға мүмкіндік бар. 2024 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста коронавирустық инфекция тіркелген жоқ», – деді сала басшысы.

Жалпы ЖРВИ – әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы. Оның ішінде тұмау, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, басқа жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынулары бар. Ол даму үдерісінде вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы мүмкін. ЖРВИ кезінде вирустар мен бактериялар тыныс алу жолдарына түседі, шырышты қабыққа түсіп, зиянды заттар уыттар бөліп шығарады, сосын олар қан арқылы барлық ағзаға таралады. Сонымен қатар ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Қызыл көйлекті Томирис патшайым берді": желіні шулатқан емші өз құпиясын ашты
Бүгін, 14:46

"Қызыл көйлекті Томирис патшайым берді": желіні шулатқан емші өз құпиясын ашты

Ол өзінің түсінде Томирис патшайым аян беретінін айтады
«Сатып алуға мәжбүрлеу фактісі кездеседі»
Жиын барысында ата-аналарға қатерлерді дер кезінде тану және оның алдын алу үшін қандай шаралар қабылдау керектігі түсіндірілмек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →