×

Түркістанда ЖРВИ-ға қарсы «Гриппол+» екпесі егіліп жатыр

ЖРВИ таралу маусымында тұмауға бей-жай қарауға болмайды

Түркістанда ЖРВИ-ға қарсы «Гриппол+» екпесі егіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында тұмауға қарсы иммундау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиевтің сөзінше ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы иммундау жұмыстарын жүргізу басталды. Сала маманың сөзінше Түркістан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары басталды. Жалпы өңір тұрғындарының 12,9%-на екпе егу жоспарланған.

Ауадағы салқындық әсерінен немесе ауыспалы ауа райының салдарынан көптеген ауруларды қоздырушы вирустар күшейе түседі. Әсіресе, тұмаудың уақыты. Тұмау – адамнан адамға тез жұғатын, вирусты инфекция. Сырқаттанған жағдайда температура 38 °С-тан жоғары болады. Буын мен бұлшық ет сырқырайды, бас қатты ауырады. Тұмауға қарсы арнайы дәрілер аз: антибиотиктер вирусты жоюға қауқарсыз, ал кейбір дәрілерді қолдану тиімсіз. Тұмауды асқындырып алудан жылына 500 мыңға жуық адам қаза табады.

ЖРВИ таралу маусымында тұмауға бей-жай қарауға болмайды. Бұл тыныс алу жолдарының жедел вирустық респираторлық инфекциясы ғана емес. Тұмау өте жұқпалы, жылдам таралуға қабілетті, вирустық респираторлық инфекцияларға қарағанда ауыр және асқынудың ең көп санына ие. Сондықтан халық арасында топтық иммунитет қалыптастыру қажет. Ол халықтың едәуір бөлігі вакцинация немесе табиғи түрде берілетін ауру нәтижесінде инфекцияға қарсы иммунитетке ие болған кезде қалыптасады. Мұндай жағдайда инфекцияның таралуы бәсеңдеп, қоздырғышты тасымалдау деңгейі төмендейді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың ең қауіпсіз жолы халықты тұмауға және ЖРВИ-ге қарсы вакцинациялау. Тұмауға қарсы Вакцинация тұмаудың өзінен қорғауға ғана емес, сонымен қатар ЖРВИ қосылу жиілігінің төмендетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты
Бүгін, 13:28

Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты

Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →