×

Түркістанда ЖРВИ, тұмаудың алдын алу мақсатында семинар өтті

ЖРВИ таралу маусымында тұмауға бей-жай қарауға болмайды

Түркістанда ЖРВИ, тұмаудың алдын алу мақсатында семинар өтті
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысындағы Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты стационарлардың медицина қызметкерлері арасында «ЖРВИ, тұмаудың алдын алу, емдеу және диагностикалау» тақырыбында семинар өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Семинар барысында тұмауға қарсы вакцинацияны жүргізу, халық арасында туындайтын сұрақтар талқыланды. Шарада мамандарға вакцинация жайында тұрғындарға дұрыс ақпарат берілуі жөнінде айтылды. Сонымен қатар, кездесуде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинацияны тұмаумен күресудің жалғыз әлеуметтік және экономикалық негізделген шарасы деп санайтындығы айтылды. Жалпы вакцинация ауруды 90% - ға, ауруханаға жатқызуды 60%-ға төмендетеді. Вакцинация халықтың барлық топтарына алты айдан бастап қартайғанға дейін салына береді. Тұмауға қарсы иммунитет 2-4 апта ішінде қалыптасады және 1 жыл бойы сақталады. Сондықтан жыл сайын егу керек.

ЖРВИ таралу маусымында тұмауға бей-жай қарауға болмайды. Бұл тыныс алу жолдарының жедел вирустық респираторлық инфекциясы ғана емес. Тұмау өте жұқпалы, жылдам таралуға қабілетті, вирустық респираторлық инфекцияларға қарағанда ауыр және асқынудың ең көп санына ие. Екпе - кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, атап айтқанда полиомиелит, дифтерия, қызылша жаппай екпе нәтижесінде толық жойылады. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе барлық жастағы топтарда ауру мен өлім-жітімді барынша азайтады. Жалпы екпе мақсаты – инфекция ретінде тұмауды толық жою емес, тұмаудан өлім-жітімді және ауруларды, әсіресе оның асқынуларын, жүрек-қантамырлық, өкпе ауруларының, басқа да созылмалы патологиялардың асқынуын азайту.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр
Кеше, 18:06

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →