×

Түркістанда маймыл шешегінің таралуының алдын алу жөнінде семинар өтті

Бүгінде әлемде маймыл шешек індеті дендеп тұр

Түркістанда маймыл шешегінің таралуының алдын алу жөнінде семинар өтті

Түркістан облысындағы Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасында маймыл шешегінің әкелінуінің және оның таралуының алдын алу жөніндегі санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы медицина қызметкерлері арасында семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мақтаарал ауданындағы эпидемиолог дәрігер А.Төлегеновның сөзінше маймыл шешегі – маймыл шешегі вирусынан туындайтын адамға жануарлардан жұғатын жұқпалы ауру. Сондай-ақ, бұл инфекция адамнан адамға берілуі мүмкін. Кез келген адамда маймыл шешегіне ұқсас белгілер байқалған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Аурудың симптомдары қатты бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, әлсіздігі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ері бөртпелері мен зақымдануына алып келеді. Аурудың жеңіл түрінде симптомдары бірнеше апта ішінде емдеусіз жазылуы мүмкін. Ауыр жағдайларда асқынулар болуы ықтимал, мысалы тері инфекциялары, пневмония, ақыл-есін жоғалту, көз инфекциялары, көру қабілетінің жоғалуы орын алады. Кез келген адамда маймыл шешегіне ұқсас белгілер байқалған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Бүгінде әлемде маймыл шешек індеті дендеп тұр. Вирус биыл Африканың кейбір аймақтарында, әсіресе Конго Демократиялық Республикасында қайта өршіген. 18 000-нан астам жағдай және 600-ден астам өлім тіркелген. Аурудың таралуы вирустың жаңа штамдарының пайда болуына байланысты күрделі жағдайда. Таралу қаупін төмендету үшін вакцинация салу ұсынылады, ал індеттің қашан тоқтайтыны нақты белгісіз. Аталған ауру шешек сияқты вирустар тобына жатады. Алайда маймыл шешегі дененің қалтырауы сияқты біршама жеңілдеу симптомдарымен ерекшеленеді. Ал қатты науқастанғандардың беті, қолдары, кеудесі, жыныс мүшесі зақымданады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ерлан Қожағапанов пен пиаршы Ләззат Көккөзова сотталды
Бүгін, 10:41

Ерлан Қожағапанов пен пиаршы Ләззат Көккөзова сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Мешіт саламын деген азаматтар көмектессе - халық игілігіне жарайтын мықты клиника жасаймыз
Ол бұған дейін «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында Ермек Тұрсыновтың серіктесі болғаны анықталды.
Іс бойынша екінші айыпталушы – Ләззат Көккөзова сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →