×

Енді Қожа Ахмет Ясауи кесенесін полиция күзететін болады

Премьер-министр қаулыға қол қойды

Енді Қожа Ахмет Ясауи кесенесін полиция күзететін болады
Фото: primeminister.kz

Енді «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығы мемлекеттік қорғауға алынады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген алғашқы қазақстандық нысан және ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіші саналады.

«Оның маңыздылығы мен тарихи-мәдени құндылығын ескеріп, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз ету үшін Үкімет «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығын мемлекеттік қорғауға жататын объектілер тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдады. Объектінің қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кесене Түркістан қаласында түркі ақыны және сопылық ілімнің негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи жерленген орында тұрғызылған. Кесене 8 бөлмеден тұрады. Олар Тайқазан тұрған ортадағы ең үлкен залды айнала орналасқан.

1385-1405 жылдар аралығында кесененің төңірегіне қосалқы ғимараттар салынған. Бүгінде мұражай-қорық аумағына мешіт, үлкен және кіші Ақсарай залдары, кітапхана және шаруашылық кешені: құдық, асхана, тұрғынжайлар (хұжралар) және тағы басқалары кіреді.

Бұған дейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңына ғимарат салуға болмайтыны хабарланған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →