×

"Қызыл көйлекті Томирис патшайым берді": желіні шулатқан емші өз құпиясын ашты

Ол өзінің түсінде Томирис патшайым аян беретінін айтады

"Қызыл көйлекті Томирис патшайым берді": желіні шулатқан емші өз құпиясын ашты
Фотт: әлеуметтік желіден

Томирис патшайым атымен танылып, желіні шулатқан емші әрі дәрігер Гүлсара Суазқызы “Көреміз” бағдарламасына берген сұхбатында қызыл көйлегі туралы құпиясын бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz..

Жақында өзін сақтардың патшайымына теңеген емші Гүлсара Суазқызы қоғамда үлкен дау тудырған еді. Оның қызыл көйлек киіп алып, Томирис ханшайым кейпінде мектепке барып, қайырымдылық кешін өткізген видеосы желіде тарады. Ал ең сорақысы, мұғалімдер оның аяғының астына гүл төсеп, құрмет-қошемет көрсеткен. Артынша педагогтер 4 мың теңгеден жинап берген.

Ауылына аппақ лимузиннен түскен емші сақтардың жалғасындай ұзын етекті, тастары жарқ-жұрқ еткен тәж киіп түскені жұрттың сынына қалды. 

Гүлсара Суазова “Көреміз” бағдарламасына берген сұхбатында киімдерін Томирис патшайым өзі бергенін айтып жұртты тағы бір таңқалдырды. 

Ол өзінің түсінде Томирис патшайым аян беретінін, тіпті киетін киімдерінің дизайнын сызып беретінін айтады.

“Түсімде Томирис патшайым аян берді. Негізі көп жыл бұрын аян берген. Осы менің жұмысымды жалғастырасың деп. “Жеріңе ие бол! Клиникаңды жоғалтып алма! Намазхананы ұста!” деп. Әрқашан аян көріп, сол бағытпен жұмыс істей бергем. Томирис өзінің костьюмін  маған берді. Дизайнын сызып берген. Костьюмдерімнің 37 образы бар” - дейді емші-дәрігер.

Еске салсақ, аталмыш жағдай Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жамбыл атындағы орта мектепте орын алған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты
Бүгін, 13:28

Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты

Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →